Көлікті тіркеу уақыты қысқарды

0
42

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекет­тік корпо­ра­циясы маман­дандырылған халыққа қызмет көрсету орталық­тарында авто­көлік­ті бір сағат ішінде тіркеуге мүмкіндік беретін қанат­қақты жобаны іске қосты.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпо­ра­циясы басқарма төрағасы Данияр Еренчиновтің айтуын­ша, бұрын көлік иелері 40 минуттан аса уақытын тиісті мамандарда айыппұлдар мен салықтар төлеуге жұмсайтын.
«Жобаны іске қосқанға дейін мамандандырылған ХҚКО-ға келген адам 3 электронды кезек талонын алатын. Бірі – айыппұлдарды тексеру үшін әкімшілік полициясы қыз­меткеріне, екіншісі – салық төлемдерін тексеру үшін салық қызметкеріне, үшін­шісі – толық құжаттар топтамасын өткізу үшін ХҚКО қыз­мет­керіне. Бұл ретте, егер аза­маттың төленбеген айып­пұлдары мен салықтары бар болса, оны төлеу үшін кассаға бөлек кезекке тұратын. Енді мемлекеттік корпорация қызметкері клиенттің авто­көлігіне айыппұлдары неме­се салық берешектері бар-жоғын өзі тексере алады. Егер бар болса, электронды үкімет порталының төлем шлюзі ар­қылы карточкамен төлеуге болады немесе маман­дан­дырылған ХҚКО ғима­ратында орналасқан банк кас­салары арқылы төлейді», – дейді ол.
Сонымен қатар, оның ай­туынша, қызмет көрсету уақыты ХҚКО инспекторына құжаттарды толық өткізген сәттен емес, ақпараттық-анық­тама қызметінің кеңес­шісінен талон алған сәттен бастап 1 сағат уақыт.

Жауап қалдыру