ҰҚК бұрынғы басшысын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

0
208

ҚР Ұлттық қауіпсіздік коми­тетінің бұрынғы бас­шысы Нартай Дүт­баев­ты қамауда ұстау мерзімі 26-мамырға дейін ұзартылды. Бұл тура­лы Астана қалалық соты «ҚазАқпарат»ХАА сауалына берген жауабында мәлім етті.
«2017 жылдың 14-наурызында Астана қаласы №2 Есіл аудандық соты Дүтбаев Нартай Нұртайұлының, Хасен Нұрлан Болатұлының және Нұртаев Ерлан Сүйімбайұлының қа­мауда ұстау мерзімін 2017 жыл­дың 26-мамырына дейін ұзарт­ты», – делінген мәлім­демеде.
Еске сала кетсек, 2017 жыл­дың 17-ақпанында сот Дүтбаев Н.Н., Хасен Н.Б., Нұртаев Е.С. қамауда ұстау мерзімін 2017 жылдың 26-нау­рызына дейін созды.

Жауап қалдыру