Іскерлік байланыс нығаймақ

0
37

Жуырда Талдықорған қаласына Швей­царияның Қазақстан Респу­бликасындағы елшісі Урс Шмид бастаған Тичина кантонынан арнайы делегация келді. Қонақтарды Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ар­найы қабылдап, екі жақты тиімді кездесу өткізді.
Кездесуде өңір бас­шысы өткен жылы Ас­тана қаласында ұйым­дастырылған «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында Тичино кантоны мемлекеттік кеңесінің эконо­мика және қаржы министрі Кристиан Витта мырзамен өзара ын­тымақтастық жө­ніндегі Меморан­думға қол қо­йылғанына тоқтала ке­ліп, қазан айында об­лыс деле­га­ция­сының Швейцария­дағы кон­ди­тер фабрикасы, тауар­лы-сүт фермалары, қар­жы секторлары мен ту­ристік нысандармен та­нысқанын алға тарт­ты.
Сонымен бірге, әкім об­лыстың еліміздегі ау­мағы жағынан үл­кен, табиғи ресурстары аса мол және инвести­ция тартуға аса қолайлы екен­дігін тілге тиек етті. Осы­ған байланыс­ты облыста ауыл шаруа­шылығы, өнер­кәсіп пен халық­аралық сауда бағыттарын барынша ық­пал­ды жүр­гізудің нә­ти­же­сінде өнім­дер­ді сырт­қы нарық­қа шы­ға­руда ілгері­леу­ші­лікке қол жеткі­зі­­ліп отырған­дығы айтыл­ды. Бү­гінгі күні экс­порт­қа бағытталған 30 ком­панияның өнім­дері әлемнің 93 еліне шығарылып отыр.
Олардың ішінде агро­өнеркәсіп кешені, металургия кәсіпорын­­дары мен мине­ралды және химия өнімдері бар. Жібек жолы бойына орна­ласқан өңірдің Орта Азия елдерімен қа­рым-қатынасқа икемді екендігі, соның негізінде көршілес Қытай Халық Республикасымен «Дос­тық», «Қорғас» және «Қалжат» кедендері арқылы байланыс орнату мүмкіндігі туып отыр.
Облыс басшысы Швей­цариядағы іс жү­зіне асырылып жат­қан бір­­қатар басым бағыт­тар­ға тоқталды.
– Сіздердің елде бол­ған кезімде құрылыс пен кәсіпкерлікті өркен­детуге мемлекет тара­пынан айтарлықтай қол­даулар бар екенін көр­дім. Сондай-ақ, қо­қыс­ты іріктеу, сұрып­тау және қайта өңдеу, ком­муналдық қызмет көрсету сияқты жұмыс­тарға ерекше көңіл бө­лінген. Ауыл ша­руа­шылығы өнім­дерін өңдейтін шағын кә­сі­порындар, балама­лы қуат көздерін да­мы­ту, туризм салалары да­мыған.
Жақында об­лысқа ел Президенті келіп, ауыл шаруашылығы, шағын және орта кәсіпкерлік, өнеркәсіп, туризм салаларын өркендету мә­се­ле­леріне ден қой­ды.
Облыс аграрлы ай­мақ болғандықтан ауыл шаруашылығы өнім­де­рін өндіруде республика бойынша алдыңғы қатардан көрінуде. Мал шаруашылығы да жақсы дамыған. Бүгінде бізде бірнеше индустриялды аймақтар бар. Аталған аймақта шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдайдың бәрі қа­растырылған. Соңғы үш жылда аймаққа то­ғыз трансұлттық компа­ния келді. Мәселен, гол­лан­дықтар картоп, немістер мен ирандықтар мал етін, ресейліктер көкөніс өңдеуге кірісіп жатыр. Швейцариялық кәсіп­кер­лер келіп эконо­мика­мызға тиімді жобалар ұсынып жатса, қуана қолдауға дайынбыз, – деді өңір басшысы.
Өз кезегінде сөз ал­ған Швейцарияның Қа­зақ­стандағы елшісі Урс Шмид екі ел ара­сындағы сенімді қарым-қатынасқа едәуір ықпал ететін бағыттар жөнінде айтты.
– Швейцария Қазақ­станмен баламалы қуат көздерін дамыту бойынша іс-тәжірибелерімен бө­лісе алады. Бізде мұ­най қоры жоқ. Сол се­бепті су, жел, күн кө­зінен қуат алу жақсы да­мыған. Тұрмыстық қал­дық­тарды өңдеу ісін­де де жетістіктеріміз жо­ғары. Қайсысын қаласа­ңыздар да өркендетуге дайынбыз. Ал, бізді кө­көніс пен жеміс өңдеу ісі қызықтырып отыр. Кәсіпкерлеріміз қазір бар мүмкіндіктерді жіті зерделеп жатыр. Сон­дық­тан бұл кездесу нақ­ты істерге ұласады деген ойдамыз, – деді
Кездесу соңында қо­нақ­тарға естелік сый­лықтар табыс етілді. Одан кейін мейман­дар Талдықорған қала­сындағы Көрме кеше­нінде де болып, облыс­тық кәсіпкерлер пала­тасы жұмысымен танысып, жергілікті бизнес өкілдерімен кез­дес­ті.
Ғалым ЖАЗЫЛБЕКОВ,
«P&H»

Жауап қалдыру