Ironman 70.3 Astana жарысы

0
105

Қазақ­станда триат­лон­­нан тұңғыш рет өткі­зілген Ironman 70.3 Astana жарысы «Best New Events» 2018 санатын­дағы «Global athlete satisfaction award» марапа­тына ие болды. Ironman 70.3 Astana қатысушылар сауал­на­масының қоры­тын­дылары бойынша әлемдегі үздік жарыс атанды.
«Біз аса беделді марапат­қа ие болғанымызға қуа­ныш­­­тымыз. Біз үшін бұл тағы бір жетістік. Қазақ­станда, Орталық Азия мен ТМД-ның алғаш­қы мем­лекетінде IRONMAN жары­сының пайда болуының өзі – үлкен табыс», – деді ұйым­­дас­тыру­шылар ма­рапатты алған­нан кейін.
Еске салайық, 2017 жылы Дүниежүзілік триатлон кор­порациясы басқа да то­ғыз үміткер болған елден Қазақстанды таңдай оты­рып, Қазақ географиялық қоғамына франшизаны табыс етті. 2018 жылға «Ironman 70.3 Astana» жарысында әртүрлі жастағы триатлон әуесқойлары, әйелдер мен ерлер, оның ішінде спортшылар, саяси қайраткерлер, мемлекеттік мекемелердің басшылары, бизнес өкілдері қатысты. Барлығы жарысқа әлемнің 47 елінен 1319 спортшы келді, олардың 791-і -–қазақстандықтар.

 

 

Жауап қалдыру