Ипотекалық несиеге тыйым салынады

0
23

Қазақстанда шетелдік валю­тада ипотекалық не­сие беруге тыйым салы­­нады. Бұл туралы Парла­мент Сенатының жалпы отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынба­сары Қуат Қожах­метов мә­лім етті.
ҰБ өкілінің айтуынша, заң жобасының негізгі ба­ғыты бойынша борыштық жүк­те­мені төмендету және банктік көрсетілетін қызметтердің айқын­­дылығын арттыру көз­деледі. Осы арқылы қарыз алатын жеке тұлғалардың құқықтарын қорғау тетіктері күшейтіледі. Бұнымен қоса, қаржы жүйесінің тұ­рақ­тылығын қамтамасыз ету қарастырылады. Сон­дай-ақ капитал нарық­тарын және ис­ламдық қаржы­лан­­ды­руды дамыту нормалары да қамт­ылып отыр. «Тұты­ну­шылар құқықтарын қорғау үшін валюталық кірісі жоқ жеке тұлғаларға шетелдік валютада ипотекалық қарыздар беруге тыйым салынады.

Жауап қалдыру