Илья Ильин Токиода 8-орынға тұрақтады

0
34

Жапония астанасы То­киода ауыр атлетикадан Олим­пиада қарсаңындағы тес­ті­лік турнир өтуде. Атал­ған сынға Ибрагим Бер­­са­нов пен Илья Ильин қа­тыс­ты деп хабар­лайды Olympic.kz. 
109 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қос спортшы да жүлдегерлер қатарында жоқ.  Берсанов қоссайыс қоры­тындысы бойынша 376 келіні бағындырып, алтыншы орын иеленді. Илья Ильин 365 ке­лімен 8-орынға тұрақтады.
Ерлер арасындағы сынға барлығы 9 атлет қатысқан. Ауыратлеттер додасында 406 келіні еңсерген қытайлық Янг Же топ жарса, екінші және үшінші орынды Ресей мен Корея спортшылары иеленді.

Жауап қалдыру