Головкиннің келесі қарсыласы кім?

0
91

Boxingnews24.com сай­ты­ның тұрақты автор­лары­ның бірі Тим Ройнер орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Голов­кинді тағы да танымал емес боксшымен кездесуі мүмкін деп жазды.
Ройнердің пікірінше, қыр­күйектегі Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жек өт­пеген жағдайда Геннадий Го­лов­кин польшалық Еу­ропа чем­пионы Камиль Ше­реметке қар­сы бокстасады.
Стивен Роллспен жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәс­ли­хатында Головкин «Ка­не­ломен» үшінші жекпе-жек өтпесе қыркүйекте орта сал­мақта жеңілмеген үміт­кер­лер­мен кездескісі келетінін айт­ты.
GGG қарсыласы WBC рейтингісінде үшінші тұрған Шамиль Шеремет болуы мүмкін. Оның есімі 8 мау­сымдағы Голов­кин­нің болуы мүмкін қарсы­лас­тарының ара­сында аталған болатын.

Жауап қалдыру