Global Challenges фестивалі өтеді

0
54

17-19 мамыр аралығында Астанада Global Challenges Summit фестивалі өтеді. Аталмыш фес­тивальге елорданың екі ал­дыңғы қатарлы жоғары оқу орны – Назарбаев Уни­вер­ситеті мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері қатыса алады.
GLOBAL CHALLENGES SUMMIT фестивалі аясында студенттерге маңызды технологиялық жаңа­лықтар және соларға бай­ла­нысты туындаған сын-қатер­лер туралы айтылады.
Ұйымдастырушылардың уәдесі бойынша, 17-18 мамыр күндері ЕҰУ-де «China EconomicQuarterly» журналының бас редактор­ы, «Азиялық басқару моделі» ең­бе­гі­нің авторы Джо Стадвелл, жалпы әлемдік банктің дамыту эко­номикасы жөніндегі аға дирек­торы Шантаянан Дева­раж­дан, «Ақылды қалалар: ау­қымды ақпа­раттар, қоғамның хакер­лері және жаңа утопияны іздеу» кітабының авторы Энтони Таун­сенд және тағы да басқалары студент­тер­ге өз дәрістерін оқитын болады.
ҚазАқпарат

Жауап қалдыру