FlyArystan қызметіне 50 мың жолаушы жүгінген

0
160

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация ко­митеті FlyArystan әуе компаниясының ал­ғашқы са­пар­лары­ның нәтижелерін жария­­лады, деп ха­бар­лайды ҚазАқпарат.
FlyArystan ұшақтары әуеге көтерілген ал­ғаш­қы күндердің өзінде 50 мыңға жуық билет сатылып, 2 мыңнан астам жолаушға қызмет көр­сетілген. Комитеттің мәліметінше, билет алушылардың басым бөлігі ең төменгі багажсыз тарифімен алған.
«Мамыр айындағы бар­лық бағыттар бо­йынша орындалатын рейстердің жолаушылар толымдығы 90 па­йыз­дан асты. Әзірге әуе компаниясы Алма­тыдан Нұр-Сұлтан, Тараз, Қарағанды, Орал қа­лаларына рейстер жасауда. Алдағы уа­қыт­та Алматы – Пав­ло­дар, Алматы – Шым­­кент» бағытында да жаңа рейстер ашу жос­пар­ланған» – делінген ко­митет таратқан ақ­паратта.

Жауап қалдыру