Ежелгі түркі мүсіндері табылды

0
49

Халықаралық түркі ака­демиясының (TWESCO) бас­та­масымен, Моңғолия­дағы «Шивээт улаан» ежел­гі түркі салттық кеше­нін­дегі археологиялық қазба жұ­мыстары жалғасып жа­тыр. Аталған жоба Моң­ғолия ғылым академиясы та­рих және археология инс­ти­тутымен бірігіп жүзеге асырылуда, деп хабар­лады академия.
ТWESCO басшысы Дархан Қыдырәлінің жетекшілігіндегі жоба аясында, маусым айында бас­талған қазба жұмыс­та­рын танымал моңғол архео­логы Д.Цэвэндорж және қазақ­стандық ғалым-түркі­тану­шы Н.Бәзілханов жүр­гізуде. Қазір кешеннің басты алаңындағы «Мәңгі тас» тас ескерткішінің орны және кешеннің екі табалдырығына қазба жүргізілді. Археологтар ежелгі түркілердің тас мүсін­дерін тапты. Одан бөлек, кешен іргетасының құры­лымы, қалыбы және көлемі анық­талды.

Жауап қалдыру