Энергетика министрлігінде қысқарту жүргізіледі

0
55

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев қарама­ғындағы қызметкер­лері­нің саны 90 бірлікке қысқартылатынын айтты.
– Президенттің тапсырмасына сәйкес, министрліктің құ­ры­лымын және штаттық са­нын оңтайландыру бойынш­а, сондай-ақ ведомствоға бағы­­ныстағы ұйымдар санын азайту бойынша жұмыстар жүр­гізілді. Министрлік қызмет­­­­керлерінің саны бірінші тоқ­­санның аяғына дейін 90 бір­лікке қысқаратын болады. Орта­лық аппарат бойынша департа­менттердің саны 17 дейін, ве­дом­­стволық ба­­ғы­ныс­тағы ұйым­дардың са­ны 11-ден 7-ге дейін қысқа­рады, – деп мәлім­деді Бо­зым­баев Энергетика ми­нистр­лігінің алқа отырысында.
Министр жауапты хатшы Қа­натбек Сафиновқа тиісті жұ­мыстарды жалғастыруды, сон­дай-ақ министрлік қыз­ме­тінің тиімділігін мемлекет­тік қыз­мет­терді автомат­тан­­ды­руды және оң­тай­лан­ды­руды тап­сыр­ды.

BAQ.KZ

Жауап қалдыру