Елорда имамдарына семинар

0
57

Астана қаласы әкімдігінің Дін мәселелерін зерттеу орта­лығының ұйым­дасты­руымен қала имам­дарының біліктілігін артты­руға ар­нал­­ған «Зайыр­лы қоғам: мемлекет­тік конфессиялық қатынас­тар» тақыры­бын­да­ғы екікүндік семинар өтті.
Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Төлеген Закарьянов алғы сөзімен басталған семинардың алғаш­қы күні қатысушыларға ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерт­теулер институтының директоры, белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин мен «Нұр Мү­бәрак» Египет Ислам мәде­ниеті университетінің рек­тор кеңесшісі, таныма­л дін­танушы Мұхитдин Иса­ұлы дәріс жүргізді.

Жауап қалдыру