Электронды билет сату 8 есеге өсті

0
116

Жолаушылар пойызына элект­рон­ды билет сату 8 есе өсті. Бұл туралы ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалына» сілтеме жасап хабар­лайды.
Электронды билет сатып алу өте қолайлы. Бұл тұста жолаушы кассада кезекте тұрмай интернет желісі арқылы үйде не болмаса офиста отырып керек бағыттағы жол жүру билетін сатып ала алады.
2014 жылы қазақстандықтар интер­нет арқылы 2 545 718 билет сатып ал­са, келесі жылы бұл көрсеткіш 6,7 млн-ға дейін өсті. 2016 жылы 11,6 млн билет сатылса, 2017 жылы ғаламтор ар­қылы 14,8 млн жолаушы жол жүру құжатын алған. 2018 жылы интернет арқылы 16 264 373 млн билет сатыл­ды. Естеріңізге сала кетейік, EPAY.RAILWAYS.KZ арқылы билет алса­ңыз­дар комиссия ұсталмайды.

Жауап қалдыру