Елдос Сметов әлемдік рейтингте бесінші орынға көтерілді

0
26

Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі, 60 келіде сынға түсетін Елдос Сметов әлемдік рейтингте жоғарылады.
Өткен демалыс күндері Түркияның Анталия қала­сында өткен Гран-при турнирінде Сметов жеңім­паз атанған болатын. Бұл спортшының жаңартылған әлемдік рейтингте бір саты жоғарылап, бесінші орынға көтерілуіне мүмкіндік бер­ді.
Елдостың қоржынында 4380 ұпай бар. Ал 60 келі салмақтағы балуандардың көшін ресейлік Роберт Мшвидобадзе бастап тұр. Екінші орында жапондық Руджи Нагаяма.

Жауап қалдыру