ЭКСПО аясында Димаштың екі концертi өтуi мүмкiн

0
88

Билеттiң жылдам са­тылуына байланысты, көрме аясында Димаштың екiншi концертiн өткiзу мәселесi қарастырылып жа­тыр.
Бұл туралы Үкiмет оты­рысында ЭКСПО-2017 көр­месi шеңберiнде өтетiн ша­ра­­лар жайлы баяндама жа­са­ған ҚР Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұха­медиұлы айтты. «Көрме ая­сында ұйымдастырылатын iрi концерттiк-фестивальдiк жоба­лар қатарында «Астана арена» стадионында өтетiн Димаш Құдайбергеннiң кон­цертi бар. Аталған ста­дионға 22 мың көрермен сыяды. Қазiр­гi таңда Димаш­тың концер­тiне 6 күннiң iшiнде 7 мың билет саты­лып кеттi. Қазiр бiз Ди­маштың екiншi концер­тiн өткiзу мәселесiн қарас­ты­рып жатырмыз», – дедi Мұха­ме­диұлы.

Жауап қалдыру