«ЭКСПО-2017» көрмесіне 50-ге жуық ел қатысады

0
22

Астанадағы «ЭКСПО­-­2017» ха­лықа­ралық көр­ме­­сіне қатыса­тындығын 48 ел растады. Бұл туралы Ор­талық коммуникациялар қыз­ме­тіндегі баспасөз мәс­ли­хатында ЭКСПО-2017 ко­миссары, ҚР Сыртқы іс­тер министрінің бірінші орын­басары Рәпіл Жошыбаев мә­лім етті.
Қазақстан тарапынан атал­ған көрмеге дайындық жұ­мыстары ел ішінде және сыртта да белсенді жүріп жат­қанына тоқталған ол: «Бү­гінде бізге 58 хат келіп, оның ішін­де 48 мемлекет пен 10 халықаралық ұйым көрмеге қатысатындығын ресми түрде растады. Ұлттық секцияның 21 комиссары тағайындалды. Осы орайда тиісті келісімдерге қол қоюға дайындалуда», – деп тоқталды ол.

Жауап қалдыру