Донорлық қан тапсыру акциясы өтті

0
41

Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары спорт шеберлігі мамандандырылғын мектебінің» 30 өкілі мен «Қазақстан» спорт кешенінің қызметкерлері донорлық қан тапсыру шарасына қатысты.
Қазіргі таңда елімізде жыл санап донорлық қан тап­­сырушылар саны көбейіп ке­ле жатқаны байқалады. Ор­таша есеппен алғанда жы­лына 220 мың адам донор­лық қан тапсырады, бұл республика бойынша 284 мың донацияны құрайды.
Айта кету керек, халықа­ра­лық эксперттік ұйымдардың мәліметінше әр мемлекет қан компонентін қамтамасыз ету үшін халқының 1 пайызы до­норлақ қан тапсыруға қаты­сулары керек. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 1,7-ге тең болса, Астана қаласында 5,4-ке тең.

Жауап қалдыру