Дизель отыны қымбаттады

0
27

Энергетика министрлігінің дизель отынының бағасын мем­лекеттік реттеуді шегеру туралы бұйрығы өз күшіне енгелі аталған отын түрінің нарықтық бағасы қымбаттай бастады.
«ҚазМұнайГаз Өнімдері» сайтында көрсетілгендей ди­зель отынының бір литрінің құны компанияның бөлшек желі­лерінде 108 теңгені құ­рады. Ал басқа жанар-жағар­май бекеттеріндегі баға әр­түрлі: Sinoil және Helios бекет­терінде – 107 теңге, ал Royal Petrol-да – 110 теңге.
8-тамызға дейін Қазақс­тандағы дизель құны 99 теңге деңгейінде сақталған болатын.
Сондай-ақ, Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов ди­зель отынының бағасы қайта реттелгеннен кейін 115 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін екенін мәлімдеген. Оның сөзінше, мұндай деңгей ішкі нарықтағы солярканың жетіс­пеушілігіне жол бермейді жә­не импорт пен қазақстандық баға теңеседі.
Айта кетейік, жанар-жағар­май бағасын мемлекеттік рет­теуді шегеру бөлшек желі­лерге байланысты. Ал ірі тұты­нушылар үшін (Қазақстан темір жолы, Теу кен кешені) баға бұрынғыдай нарықтық шарт бойынша реттеледі.
«Астана Медиа Пресс»

Жауап қалдыру