«Дауыс 60+» байқауы өтті

0
31

Көкшетауда қарттарды қол­дау айлығы аясында тұң­ғыш рет өнерлі қариялар ара­сында «Дауыс 60+» байқауы ұйымдастырылды.
Бұл жоба жастайынан үлкен сахна төрінде өнер көрсетуді ар­мандаған жандардың басын қосты. Тіпті жасы жетпістен ас­қан қария да домбырасын құ­шақтай жетті. Залға лық тол­ған көрерменнің дені зейнет жасын­дағы жандар.
Кеш жүргізушілерінің әдемі әзілмен қариялардың көңілін көтеріп, демеп отырғаны да тар­тымды шықты. Сахнаға шық­қан әр қатысушының бұл көп­тен күткен жұлдызды сәті еді. Әншілікке бет бұрған қарияларға деген ілтипат та ерекше болды.
Бағдарлама соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Жауап қалдыру