Дүниежүзілік банктен $1 млрд қарыз алады

0
44

Мәжiлiстiң жалпы оты­ры­сында «Қазақстан Рес­пуб­ли­касы мен Халық­аралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Мак­роэ­кономикалық басқару және экономиканың бәсекеге қа­білеттілігін арттыру са­ла­сындағы даму саясатын қар­жы­ландыру бойынша бі­рін­ші кредит) ратифи­ка­циялау туралы» заң жоба­сы мақұлданды.
Қазақстан мен Халық­аралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз тура­лы келiсiм 2016 жылғы 17 ақпанда Астанада жасалған. Келiсiм бойынша халық­аралық банк Қазақстанға макроэ­кономикалық басқару және экономиканың бәсекеге қабiлет­тiгiн арттыру саласын­дағы даму саясатын қаржы­ландыруға 1 миллиард АҚШ доллары мөлшерiнде қарыз бередi.
Қаражат елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi басымдықтарын қол­дауға және Үкiметтiң эконо­ми­каны ынталандыру және эко­номикалық өсiмге жәр­дем­десу жөнiндегi страте­гия­лық шараларын орындауға мүмкiндiк бередi.

Жауап қалдыру