ҰБТ-ға өзгеріс

0
35

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты өзгерістерді жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
– Біріншіден, келесі жыл­дан бастап ҰБТ жыл ішінде қаңтар айында бас­та­лып, бірнеше рет өткі­зіледі. Екіншіден, қаң­тардан бастап мектеп түлектері үшін ақылы негізде оқуда шартты түрде түсуге мүмкіндік беріледі. Үшіншіден, жоғары оқу орындарында шетел аза­маттарын оқу жылы ке­зінде оқуға қабылдау мүм­кіндігі қарастырылған. Төр­тіншіден, шетел азаматтары, соның ішінде қазақ диаспорасы үшін стипендиялық бағ­дар­ламалар енгізіледі. Бесіншіден, магист­рату­раға қабыл­даудың жаңа мо­делі енгізілуде. Оның негізі бакалавриатқа қа­был­дау моделіне ұқсас. Сон­дай-ақ магистратурада гранттар студенттерге беріледі және жоғары оқу орындарын таңдау мүм­кіндігі болады, – деді Е.Саға­диев Үкіметтің оты­ры­сында.
Арман АСҚАРОВ

Жауап қалдыру