Биыл 500 шақырым жол ақылы болады

0
83

2018 жылы ұзақтығы ша­ма­мен 500 шақырым респуб­ли­­­­ка­лық маңызы бар авто­жол­­дарда ақылы жүйе енгізу жос­­­парлануда. Бұл туралы Қа­зақстан Республи­касы Үкі­меті­нің және Қазақстан Рес­пуб­ликасы Ұлттық банкінің эко­­но­ми­калық сая­саттың 2018 жылға арналған негізгі ба­ғыт­тары жөніндегі мәлім­­­деме­сін­де айтылды, деп хабар­лай­ды ҚазАқпарат.
Үкімет отырысында мәлім­деме жобасын таныстырған ҚР Ұлт­тық экономика министрі Ти­мур Сүлей­меновтің айтуынша, Астана мен Алматы аралығындағы Орта­лық-Оңтүстік және Астана мен Өскемен аралығындағы Орталық-Шығыс дәліздерінің құрылысы жалғасады. Шығыс және оңтүстік-шығыс өңірінде туризмді және Қытай Халық Рес­публикасынан тауар айналымын ұлғайтуды қам­тамасыз ететін Алматы – Өскемен, Қалбатау – Майқапшағай, Үшарал – Достық жолдары жаңғыртылады.

Жауап қалдыру