Бішкекте екі қазақстандық өлтірілді

0
20

ҚР ҰҚК Бішкекте екі қазақ­стандықтың көзі жо­йылғаны туралы БАҚ-та жарияланған ақпаратқа қатысты 17-шілдеде түсініктеме берді
ҚР ҰҚК Терроризмге қарсы орталығында Бішкекте ар­найы операция кезінде екі қазақ­стандықтың көзі жойыл­ғаны туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
«Жекелеген бұқаралық ақ­па­рат құралдарында Қыр­ғыз­стан Республикасының Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік қызметінің Бішкек қаласында жүргізген арнайы операциясы барысында Қазақстан азаматтары Абхин Альберт пен Әміров Жанбо­лат­тың өлтірілгені туралы ақпарат жарияланды. ҚР Ұлт­тық қауіпсіздік комитеті бұл тұлғалар жайлы хабардар. Атал­ған екі азамат Батыс Қазақ­стан облысында тұрған, олар ра­дикалды ағымдардың үгіт­теуінің ықпалымен Сирия мен Ирактағы қарулы қақтығыстарға қатысу үшін елден шығып кетуге шешім қабылдаған», – делінген хабарламада.
2014 жылдың мамыр айында Абхин және сол жылдың тамыз айында Әміров Қырғызстан жеріне заңсыз өтіп, одан әрі шетелге қарай кетпек болған.
2014 жылдың жазында олар қырғыз арнайы қызметтерімен ұсталып, Қырғызстан аума­ғын­да шекарадан заңсыз өткен­дері, жасанды құжаттарды пай­даланғандары және заңсыз көші-қон ұйымдастырғандары үшін қылмыстық жауап­кер­ші­лікке тартылды. Абхин 4 жыл­ға, Әміров 3 жылға бас бостандықтарынан айырылды.
«2015 жылдың мамыр айында Абхин мен Әміров қоныс коло­ниясынан қашып кеткен. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қыр­ғыздық әріптестеріне қыл­мыс­керлерді іздестіруде ықпал­дас­тық көрсетті. Нәтиже­сінде іздеу салынған екі тұлға та­былды, алайда ұстау ке­зінд­е олар қарулы қарсылық көр­сетіп, атыс ұйымдастырды. Со­ның салдарынан олардың көзі жойылды. Кейбір БАҚ-тар­­да жарияланған Абхин мен Әміровтің Қазақстан аумағында террорлық ұйым құрып, оны басқарғаны туралы ақпарат шын­дыққа жанаспайды», – де­лінген Терроризмге қарсы ор­та­лығының хабарламасында.

Жауап қалдыру