Бірыңғай шаралар жоспары жасалады

0
82

Қазақстандағы жас көшбасшылар Ел­ба­сы­ның «Қазақ­стан­дық­тардың әл-ауқа­тының өсуі: табыс пен тұрмыс са­па­сын арттыру» атты Жол­дауын жүзеге асы­руға қатысудың нақ­ты механизмдерін әзір­лей­ді, деп хабарлай­ды ҚазАқпарат тілшісі.
«15 қыркүйек күні Қа­зақ­стандағы жастар ұйым­дарының өкілдері Ұлт­тық патриоттық ак­тіге қол қойды. Жас көш­бас­шылар елімізді жаң­ғырту бойынша күн тәр­тібін орындау үшін ын­ты­мақтастықты одан әрі да­мытуға уағдаласты. Пре­зидент Жолдауы ая­сында Жастар жылына арналған Жастар ұйым­дарының бірыңғай шара­лары жос­парын жасай­мыз», – деді «Жас Отан» жастар қа­натының төрағасы Данияр Сүндет­баев.
Данияр Сүндетбаев жас көшбасшылардың Бі­рың­ғай жоспарды әзір­леу туралы шешімін қуат­тап, онда жаңа рефор­ма­лар­ды қолдау­дың мақсат­тары мен мін­деттері көр­сетілетінін атап өтті.
Сондай-ақ аталған жоспар жастарды жаңа стратегиялық құжатты белсенді талқылауға және іске асыруға үндейді.

 

Жауап қалдыру