Бие сүтінен құрғақ ұнтақ өндірілуде

0
51

Қарағанды облысында бие­нің таза сүтінен құрғақ ұн­­тақ өндіру мақсатында жылқы фермасы іске қосылды, – деп хабарлады «ҚазАгро» АҚ баспасөз қыз­метінен.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ қол­дауы­мен іске қосылған жоба Қарағанды облысының Оса­каровка ауданы Шалғай ауыл­дық округында биенің таза сүтінен сублимациялық әдіс арқылы құрғақ ұнтақ өндіру мақсатында, жылқы фермасы кешені құрылды. Бүгінгі таңда шаруашылықта 1300 бас негізгі мал табыны бар. Жайылым жерлерінің жалпы алаңы 24,5 мың гектар, егістік жерлері 11 мың гектардан асады, суармалы жерлері 1,5 гектар. Жобаның жалпы құны – 1 439 163 мың теңге.
Жоба шеңберінде ғимарат­тардың, басқа да қажетті инфра­құрылымдардың құ­рылыс­тары жүзеге асырыл­ған, биенің таза сүтінен құрғақ ұнтақ өндіретін техноло­гия­лық жабдық, техника мен биоло­гиялық активтер саты­лып алынған.
Жобаның қуаты – жылына 10 тонна құрғақ ұнтақ­ты Қазақстанның тамақ, фар­ма­цевтикалық және косме­тологиялық өнер­кәсіп­терінде пайдаланылатын, сон­дай-ақ Евроодақ елдеріне экспорт­талатын құрғақ ұнтақ өндіру.
Бұл тамақ өнімдері, фармацевтика және медицина технологиялары салала­рын­дағы соңғы әлемдік зертте­мелерді қолдана отырып, жоғары технологиялы қазіргі заман инновациялық өндіріс екенін айтып кету қажет.
Бие сүтінен алынатын суб­лимирленген құрғақ ұн­тақ арнайы қондырғыда вак­кум­дық кептіру арқылы әзір­ленеді. Сублима­циялық кеп­тіру бойынша техноло­гиялық желінің жабдығы тікелей жануар­лардың орна­лас­қан орнына жақын жерге орна­тылған. Бұл техно­логиялық талаптармен себептеледі – сауыла бастаған сәтінен технологиялық қайта өңделе бастағанға дейін 15-20 минуттан артық уақыт өтпеуге тиісті. Жобаның авторлары сендіріп отырғандай, бұл жаңа сауылған бие сүтінің барлық пайдалы сапасын ұзақ уақытқа толық сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Қазіргі күнге жылқы фер­масы өзінің өнеркәсіптік айналымын ұлғайтып, бие сүтінен құрғақ ұнтақ өндіруде. 2015 жылдың тамыз айынан бері бие сүтінен құрғақ ұнтақ­тың бір тоннадан артық ал­ғашқы партиясы өндірілді. Өнім­нің көпшілік бөлігіне ендігі сатып алушылар табы­лып та қойылған.

Жауап қалдыру