Бидай бағасы қымбаттады

0
267

Елімізде бидайдың бағасы қымбаттады. 3-клас­ты бидайдың тоннасы 54 мың теңгеден сау­даланып жатыр. Бұл былтырғы бағадан 12 мың теңгеге қымбат, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Солтүстік Қазақстан облысында орақ науқаны қорытындыланды. Биыл өңір диқандары 5,2 млн тонна бидай жинады. Гектарынан орташа есеппен 19 центнерден өнім алынды. Ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, қазір облыстың 6,6 млн тонна астықты сақтайтын мүмкіндігі бар.
– Астық қабылдау кәсіпорындарына 1,4 млн тонна биылғы жылдың астығы тапсырылды. Оның ішінде 845,4 мың тоннасы бидай. Тапсырылған бидайдың 30 пайызы 3-класты, 44,2 пайызы 4-класты. Былтыр осы уақытта 1,2 млн бидай тапсырылса, оның 23,3 пайызы 3-класты болды. Яғни, биыл бидайдың сапасы жақсырақ, – дейді СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Қайрат Омаров.

Ақерке Дәуренбекқызы

Жауап қалдыру