Бекіре қырылып жатыр

0
52

Атырауда бекіре тұқымдас балықтардың өлігі тіркелді. Бұл жағдай Жайық өзеніндегі балықтардың қырылуымен байланысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік ком­муникациялар қызметіне сіл­теме жасап. Бұл туралы Атырау облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспек­циясы басшысының орын­басары Арман Молда­шев мә­лімдеді.
Бекіре тұқымдас балықтар­дың қырылуы «Луговой жылқы зауыты» мен Жайық-Атырау бекіре өсіру зауытында тір­кел­ген.
«Луговой жылқы зауытында» 100-ге жуық бекіре тұқымдас балық өлген. 2 мыңға жуық балықтың жағдайы шалажансар. Жайық-Атырау бекіре өсіру зауытында 25 бағалы ба­лық­тың өлгені анықталды, 30 балық шалажансар. Бұл жағ­дай Жайық өзеніндегі балық­тардың қырылуымен байланысты, себебі балық өсіру шаруашылығына өзен суы пайдаланылған. Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, экологтар мен қоғам­дық денсаулық қорғау басқар­масының мамандары Жайық өзеніне су төгетін мекемелердің бәрін тексереді», – дейді Арман Молдашев.
Айта кетейік, қазір ведомст­воа­ралық комиссия Жайық өзеніндегі балық өлімінің се­бептерін анықтау үстінде. Ба­лық қырылу дерегі бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Суға жүргізілген зертханалық зерттеулер Жайық суының тұрғындар үшін қауіпсіз екенін көрсетіп отыр.

Абай АБЫЛАЙҰЛЫ

Жауап қалдыру