Бастықтардың кабинеттері кішірейтіледі

0
62

«Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында жаңа акция басталды. «Жаңа формат» ат­­ты бастаманың негізгі мақсаты – мемлекетік ор­­ган басшыларының кабинеттерін барынша кіші­рейту. Соның ар­қа­сында бюджеттің бі­раз қара­жатын үнем­деу­ге бо­лады, – деп ха­­бар­лайды Қаз­Ақ­па­рат.
– 2018 жылы 5 қа­занда Қазақстан хал­­қы­на жасаған Жол­­дауында Мемлекет бас­шысы тиімсіз бюд­жет шығындарын қысқар­туды тапсырды. Бұдан бөлек, мемлекет пен қо­ғамды бір-біріне ба­рынша жақындату қа­жет. Бүгінде көптеген басшылардың кабинеттері тым үлкен. Ондайда бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалады. Себебі кейбір кабинеттердің ау­даны бір бөлмелі пә­тер­мен бірдей. Ал ка­би­неттердің ауданын қыс­­қартудың нәти­же­сін­де бюджеттің бі­раз қара­жатын үнем­деу­ге болады, – делінген ресми ха­бар­­ламада.
Оған сәйкес, акция­ның алғашқы кезеңінде мек­теп дирек­тор­ла­ры­­ның кабинет­те­рін оң­тай­­ландыру шара­­лары жүргізіледі. Қа­зір­­­дің өзін­де бірнеше мек­теп аталған бас­таманы қолдады. Ал бас­шылықтың кабинеттерінде қосымша білім беру сыныптары ашылып отыр. Дирек­торлардың өз­дері болса, бірінші қабаттағы шағын кабинеттерге көшті. Акцияны бірінші болып қолдаған мек­тептердің ішінде Ас­та­надағы №71 мектеп-лицейі, №17 және №80 мектеп-гизна­зиясы бар.
Бұл акция басқа да мемлекеттік органдарда жалғасады деп күтілуде.

Арман АСҚАРОВ

Жауап қалдыру