Бастапқы жарна төмендейді

0
41

Елбасының Жолдауын жү­­зеге асыру аясында педа­гог­тар мен дәрігерлерге және полицейлерге «7-20-25» бағдарламасы бо­­йынша бастапқы жар­на тө­мендетіледі. Бұл ту­ра­лы «Баспана» ипотека­лық ұйымы» АҚ басқар­ма төра­ғасы Қайрат Алтын­беков мәлім етті, деп хабар­лайды ҚазАқпарат.
«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берілген нақты тапсыр­маларын жүзеге асыру мақсатында, білікті ұстаздар, дәрігерлер, полиция қыз­мет­керлері және өңірге қажет басқа да мамандық ие­леріне «7-20-25» бағдар­лама­сы­ның бастапқы жарнасын тө­мендету бойынша жұмыс­тар басталды. Қазіргі таңда Шым­кент қаласы, Ақтөбе, Ал­маты, Павлодар, Сол­түс­тік Қазақстан облыстары­ның әкімдіктерімен тиісті мемо­рандумдарға қол қойыл­ды», – деді Қайрат Алтынбеков Парламент Сена­тының депутаттарымен өткен кездесуде.
Бұдан бұрын хабарлан­ғандай, Қайрат Алтынбеков Сенат депутаттарына «7-20-25» бағдарламасының жүзеге асырылу барысын баян­дады. Оның атап өтуінше, бағдар­ламаға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен Сбербанк қатысуы мүмкін.
Руслан ҒАББАСОВ

Жауап қалдыру