Баспасөзде жаңа басшы

0
33

Жуырда «Егемен Қазақ­стан» газеті мен «Қаз­Ақ­парат» халықаралық ақ­па­рат агенттігінің бас­шы­лары ауысты.
«Егемен Қазақстанның» жа­ңа басқарма төрағасы болып белгілі ғалым, публицист, тарих ғылымдарының док­торы Дархан Қыдырәлі таға­йындалды. Дархан Қыдырәлі бұған дейін Халықаралық Түркі академиясын бас­қар­ған болатын. Ал «ҚазАқпарат» ха­лықаралық ақпарат агент­тігінің бас дирек­тор­лығына Әсел Төле­генова келді. Әсел Төлегенова әр жылдары аймақтық және республикалық телеарналарда журналист, жаңалықтар бөлімінің шеф-редакторы қызметін атқарған. Төрт жылдан астам уақыт бойы Tengrinews.kz ақпарат агент­тігінің шығарушы редак­торы, кейін ақпараттық пор­талдың бас редакторы болды

Жауап қалдыру