Банкноттар айналымнан шығады

0
23

3-қазаннан бастап 2006 жы­лы шыққан 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банк­нот­тар жарамсыз болып табылады. Ұлттық банк бұл туралы өзінің ресми сай­тын­да хабарлайды.
Демек 2 аптадан кейін аталған номиналды банкнот­тар заңды төлем құралы бола алмайды. Төртінші қазаннан бастап олармен сауда-саттық, өзге де қаржылық операциялар жасауға тыйым салынады.
Айырбасталмай қалған ақшаларды қаражат иесі кез-келген екінші деңгейлі банк­тердің кассасынан жаңасына алмастыра алады. Ол үшін қосымша ақы, комиссия немесе төлемдер ұсталмайды.

Жауап қалдыру