«Балуан Шолақ» фильмі жарық көрді

0
336

Алматыда Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» ки­ностудиясы түсірген «Балуан Шолақ» көркем фильмінің таныстырылымы өтті.
Картинаның режиссері Нұр­гелді Садығұлов бұл тарихи кино болғандықтан көрер­мен­дердің ықыласын ескеріп, тарихтан ауытқымауға тырыс­қан­дықтарын айтады.
Фильмнің сценарий авторы Дулат Исабеков киноның көңілінен шыққандығын жеткізді.
– Балуан Шолақ» спектакілі көптен бері сахнада қойылып келеді, тіптен Лондонға да барып келді. Пьеса мен кино екі алуан дүние. Бәрін қайтадан жазып шыққандай болдым. Менің мақсатым ұлттық кино жасау еді. Кино жоғары деңгейде болуы үшін әлі де 10 минуттық сюжеттер жетіспей қалды. Яғни, Балуан Шолақ ғашық болған Ғалия екеуінің арасындағы қатынас және Балқаш туралы сюжеттер киноған енбей қалған. Егер басшылар қолдап жатса соны толықтырып жіберсе деген тілегім бар, – дейді Д. Исабеков.
Балуан Шолақтың ролін Ерке­бұлан Дайыров, Бал­қашты жас артис Альбина Шардарова сомдаған, сондай-ақ фильмге Болат Әбдіманов, Алек­сандр Багрянцев, Жанел Мақажан, Сағаділдә Үсібәлі сын­ды танымал актерлер түс­кен.
Фильм қалың көрерменге 2019 жылдың наурыз айында жол тартпақ.

Әділет МҰСАХАЕВ

Жауап қалдыру