Балаларды оңалту орталығы ашылды

0
55

Талдықорғанда мүмкіндігі шек­теулі балаларға арналған оңал­ту орталығы ашылды. Қазақ меди­циналық қоғамының күндізгі орта­лығы 40 балаға арналып отыр.
Бұл жерде сал, аутизм және басқа да кемістігі бар балдырғандар күндізгі ем-домын қабылдап, уақытын тиімді өткізетін болады. Сондай-ақ бөбектерге логопед сынды басқа да өте қажет деген мамандардың қызметі көрсетіледі. «Балаларды әлеуметтік-мәдени, спорт шараларға қатыстырамыз. Сон­дай-ақ психологиялық жағынан көмек көрсетіледі. Мұнда әлеуметтік заңды­лықтарды қадағалайтын арнаулы заңгер бар. Әрі ол заң жүзінде кеңес беріп қоймай, жалпы құжат жағынан да көмектесетін болады», – деді қазақ медициналық орталығы қоғамдық бір­лестігінің жетекшісі Мақсат Әбдіқа­дырұлы.

 

Жауап қалдыру