Балабақшаларда 17 мың орын босайды

0
79

Елорда балабақ­шала­рын­да 17 мың орын бо­сайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы цифрлық тех­нологиялық бөлімі­н­ің бастығы Жазира Аса­но­ва айтты.
«Бүгінгі күні 2017 жылы дүниеге келген балалар үшін 1 600-ден астам, 2016 жылы дүниеге келген балалар үшін 5 мыңнан астам, 2015 жылы дүниеге келген балалар үшін 5 мың, 2014 жылы дүниеге келген балалар үшін 1 мың, ал 2013 жылы дүниеге келген балалар үшін 4 мың орын босайды. Бұл мемлекеттік балабақшаларда, жеке балабақшаларда және шағын орталықтарда бо­сай­тын орындар», – деді ол.

Жауап қалдыру