Балабақшалар құны арзандайды

0
40

Алматы қалалық Мәсли­хатының 50-ші сессиясында депутаттар мемлекеттік балабақшаға баратын бір бала үшін төленетін ақы құнын 15 мың теңгеден асырмау жөнінде қаулы қа­былдады. Сол арқылы ба­лабақшалардың құнын екі есе төмендету көзделген.
«Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалының депутаттар фракциясы 2016 жылдың 22-ші қаңтарында қаладағы мемлекеттік бала бақшаларды шаруашылық есептен мемлекеттік тап­сырысқа көшіру туралы бас­тама көтерген болатын. Осы­лайша, биылғы жылдың 1-ші ақпанынан бастап, екі жастан бес жасқа дейінгі аралықта мемлекеттік балабақшаға баратын 17 000 бүлдіршін үшін тек тамақтану құны ғана төле­нетін болады. Бұл үшін жергілікті бюджеттен өткен жыл­дың қорытындысы бо­йынша үнемделген қаржы­дан 3 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінетін болды.

Жауап қалдыру