Бабалардың көзіндей қасиетті домбыра…

0
48

Қазақстан халқы Ассамб­леясы Атырауда «Ба­ба­лар­­дың көзіндей қасиет­ті дом­быра» атты акция­сын өткізді.
Акция мақсаты – «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақа­ласындағы міндеттерді жүзеге асыру және Қазақстан халқы Ас­самблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасын дәріптеу. Аталған акция Қазақстанның жаңа туған азаматтарына төл тума тарихымыз­ды бойына сіңірудің алғашқы қадамы болып санала­ды.
Акция Атырау облы­сы­ның перинаталдық орталығында өтті. Ұлттық мереке қарсаңында Атырау өңірінде бір ұл, бес қыз бала дүние есігін ашты. Атаулы мерекеге байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясы Атырау облыстық филилалы төрағасының орынбасары- хатшылық меңгерушісі Гүлмира Шәкірова, облыстық аналар кеңесінің төрайымы Тамара Амантурлина аналарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады. Сәбилерін құшағына алған жас аналарға қазақтың ұлттық дом­бырасы мен кәделі сыйлық­тарын тарту етті.

Әділбек ӨМІРЗАҚОВ,
Атырау қаласы.

Жауап қалдыру