Қазақстанның үш қаласында 5G енгізіледі

0
156

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанда «бесінші буын» байланыс желісін енгізу мәселелері туралы кеңес өткізді.
ҚР Цифрлық даму, қор­ға­ныс және аэроғарыш өнер­кәсібі министрлігінің мәлімет­терінше, Қазақстан АҚШ, Оң­түстік Корея, Швейцария, Эстония елдерімен қатар жаңа желіні енгізуді пилот­тауға көшкен әлем елдерінің онды­ғына кіреді.
Ел аумағын 5G қамту үшін инфрақұрылым жасау бо­йынша жұмыстар аясында осы жылдың соңына дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шым­кент қалаларында пилот­тық жобаны іске асыру жоспар­ланған. Жалпы, 5G байланыс желісімен адамдар саны 50 мыңнан асатын барлық елді мекендер қамтылады деп күтілуде.

 

Жауап қалдыру