Қазақстанда қанша киік бар?

0
94

Сенатта өткен «Қазақ­стан­дағы биологиялық алуан­түр­­лі­лік­тің сақталуын заңна­ма­лық қамтамасыз етудің өзекті мәсе­лелері» атты Үкі­мет саға­тында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда киік саны туралы айтты.
«Қорғаудың ең маңызы нысандарының бірі киіктер болып отыр. Бұл жа­байы дала бөкенінің біре­гей түрі саналады. Бүгінгі күні Қазақстан Республи­ка­сының аумағында киік­­тер­дің әлемдік популяция­­сының 95 пайызы тіршілік етеді. 2019 жылғы жүргізілген есептеу қоры­тындысына сәйкес, олар­дың саны 334 мыңды құра­ды», – деді Ерлан Нысанбаев.
Оның айтуынша, 2015 жылы киіктер жаппай қырылғаннан кейін  жануарлардың өліміне не себеп болғандығын анық­тау жөніндегі арнайы жұмыс тобы құрылған. «Жұмыс қоры­тындысы бойынша киік тұқы­мының аурудан жаппай қырылуына жол бермеу жө­нінде іс-шаралар жоспары қабылданып, мүдделі мем­ле­кеттік органдармен келі­сілді. Одан кейін ол Білім жә­не ғылым министрлігі Ғылым жөніндегі комитетінің қарауына жіберілді. Таяу уақыт­та біз Қаржы министрлі­гіне аталған жоспарды қаржы­лан­ды­ру үшін ұсыныс жіберетін боламыз», – деді вице-министр.

ҚазАқпарат

Жауап қалдыру