Қазақстанда 88 шетелдік телеарна жұмысын тоқтатты

0
68

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі бірқатар шетелдік телеарналардың тіркелгені туралы куәліктері қайтарылып, Қазақстан Республикасының аумағында хабар таратулары тоқтатылғаны жөнінде мәлімдеді.
Белгілі болғандай «Теледидар және радио ха­бар­ларын тарату туралы» Қазақстан Рес­публи­ка­сы­ның За­ңына 2017 жы­лы енгізілген өзгер­тулерге сәй­кес Қазақ­стан Респу­б­ли­ка­сы­ның аумағында ха­бар таратын барлық шетел­дік теле және радиоарна­лар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде ҚР аумағында заңды тұлғаны тіркеуге немесе өкілдігінің тіркеуге міндетті.
«Аталған Заң өз күшіне 2018 жылдың 9 қаң­тарын­да енгендіктен шетелдік теле, радиоарналар ал­ты ай ішінде ҚР аума­ғын­да заңды тұлғаны немесе өкілдігін ағымдағы жылдың 9 шілдесіне дейін тіркеуге міндетті болған.
Белгіленген кезең аяқ­тал­­ғаннан кейін, Министр­лік «Теле­радио ха­бар­ларын тарату туралы» Заң­ның 42-бабы 9-1-тар­мағының екінші бөлігіне сәйкес заңды тұлғаны немесе өкілдігін тіркемеген, барлық шетелдік теле және радиоарналардың тіркелгені туралы куә­ліктерін қайтару туралы шешім шығарды.
Бұл өз кезегінде аталған теле және радиоарна­лардың Қазақ­стан Респу­блика­сының аумағында хабар тарату құқықтарын жояды. Бүгінгі таңда Қа­зақстан Республика­сының Ақпа­рат және коммуникациялар министрлігінде 307 шетелдік теле және радиоарналар тіркелген, олардың 219-ы өз өкілдіктерін ашты, ал 88-і ашпаған», – делінген министрлік мәлімдемесінде.
Бұдан былай Қазақстан аумағында хабар таратуын жалғастыруға қызы­ғушылық танытатын шетелдік теле және радиоарналар өз өкілдіктерін ашып, қайтадан тіркеуге тұруы қажет.

Жауап қалдыру