Автомобиль өндірісі артты

0
16

Қазақстанда 2018 жылы 30 мың автомобиль құрасты­рыл­­ған. Бұл алдыңғы жыл­мен са­лыстырғанда 78,8%-ға ар­тық. Негізі өндіріс ШҚО-да орна­ласқан. Мұнда бү­кіл Қа­зақстан автоөндірісінің 60,8%-ы шо­ғыр­ланған. Яғни бір жыл­да 18,3 мың авто шы­ға­рыл­ған. Бұл алдыңғы жылдың көр­сет­кішімен салыс­тыр­ған­да 59,9%-ға артық, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өскеменде елдегі ең ірі екі за­уыттың бірі – «Азия Авто» АҚ іс­теп тұр. Жыл соңына дейін атал­ған зауыттың өндірістік қуа­тын 30 мыңға жеткізу көз­дел­ген. Қостанай облысында 11,8 мың авто шығарылған. Мұнда «Сары­арқаАвтоПром» ЖШС жұ­мыс істейді. Зауыт соң­ғы жылы 2,2 есе өсім көр­сетті.
«КазАвтоПром» одағының тө­­рағасы Олег Алферовтың ай­туынша, отандық автоөндіріс са­­ласы қарқынды дамып келе­ді.
– 2018 жылғы көрсеткіш (дағ­дарысқа дейінгі) 2014 жылға дейінгі межеге жетіп қалды. 2019 жылы нарық одан әрі да­мып, жеңіл­дікпен берілетін авто­не­сие­лердің саны артып, жы­лына 40 мың автомобиль өн­діруге мүм­кін­дік беруі ықти­мал, – деді ол.
Айта кету керек, қазақстан­дық автоөндіріс былтыр сұра­ныстың 52,4%-ын қам­тамасыз етті. Осының арқасында им­порт көрсет­кіші 3,3%-ға тө­мен­деді. Қазақстандықтар арасын­да был­тыр Lada көлігіне сұраныс өте көп болған. Екінші орынға Toyota табан тіреді. Үшінші орында Hyundai. Үздік бестікті KIA мен GAZ түйіндеді. Былтыр қа­зақстандықтар 27,2 мың техникасын жоюға өткізген. Алматы, Астана, Атырау, Шымкент, Қа­рағанды, Қостанай, Орал, Өс­кемен, Ақтау, Ақтөбе тұрғын­дары автокөлік сатып алуда аса белсенділік көрсеткен.

Гүлмира Ғосманәли

Жауап қалдыру