Автокөлік өндірісі 70%-ға өсті

0
35

Соңғы 9 айда Қазақ­станда шамамен 14 млрд теңгеге 23 мыңға жуық автокөлік өндірілді, – деп хабарлайды 7kun.kz.
«Есепті кезеңнің қорытын­дысы бойынша Қазақстанда жалпы құны 140,9 млрд теңге болатын 22 709 көлік өндірілді. Өндіріс көлемі өткен жылдың көрсеткішінен 70,3% асты», – деді «Қазавтоөндіріс» Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағының» басқарма төрағасы Олег Алфёров.
Оның айтуынша, жеңіл автокөліктер өндірісі 82,6% -ға артып, 21137 бірлікке жетті.
«Олардың ішінде «АЗИЯ АВТО» АҚ үлесіне 13 мың 365 бірлік (63,2%),«Сарыарқа АвтоПром» ЖШС 7 772 дана (36,2%) тиесілі. 2018 жыл­дың қыркүйек айы­ның қо­рытындысы бойынша қа­зақ­стандық кәсіпорын­дар­дың конвейерлерінен 3 мың 244 автокөлік құралы келіп түс­кен, бұл 2017 жылдың көрсет­кішінен 2,2 есе артық (1 мың 503 бірлік)», – деді Олег Алферов.
Сонымен қатар, автобустар мен жүк көліктерінің өндірісі төмендеді.
«Қаңтар-қыркүйекте автобус жабдығының шығуы (231 бірлік) 1,9 есе төмендеді. Жүк машиналарын өндіру (802 бірлік) 17,2% -ға төмендеді », – деп мәлімдеді Олег Алферов.

Жауап қалдыру