Қасым Қайсеновке арналған көрме ашылды

0
39

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің кітапханасында белгілі жазушы, Қазақстанның Халық батыры Қасым Қайсеновтің 100 жылдығына арналған «Қазақтың қайсар ұлы — Қасым батыр» атты кітап көрмесі ашылды.

Аталған кітап көрмесінде келуші­лерге «Әзірет Сұлтан» қорық-му­зейі қорынан Қасым Қайсеновтің ерлігі туралы материалдар, оның шығар­малары, туыстары мен достары­ның естеліктері және мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары ұсынылды. Сонымен қатар, батыр жайында дайындалған қысқаша бейнеролик қойылды. Жастарға оның  өмір дерегі туралы ақпараттар таныс­тырылды. «Қазақтың қайсар ұлы  – Қасым батыр» атты кітап көрмесі бір айға жалғасады деп жоспарланған.

Жауап қалдыру