«Астана Опера» театрының V маусымы

0
201

Композитор Мұқан Төле­баевтың «Біржан – Сара» операсы «Астана Опера» теа­трында 2018 жылдың нау­рыз айында жаңа ре­дак­­­цияда көрсетілетін бо­ла­ды. Бұл туралы теа­тр дирек­торы Ғалым Ахме­дияров театрдың бесінші маусымын таныс­тыру бары­сында мәлім ет­ті, деп хабар­лайды «ҚазАқпарат» ХАА тіл­шісі.
Директордың айтуынша «Ас­тана Опера» театрының бесінші маусымы 20 қазанда басталады. Жаңа маусымда театр көрермендері сахнадан Адольф Аданның «Корсар» балетін, Мұқан Төлебаевтың «Біржан –  Сара» операсы мен П.Чайковскийдің «Пиковая дама» операсын тамашалай алады. Айта кетерлігі, аталғандардың ішінде «Біржан- Сара» операсы редакцияланып барып көрсетілмек.
– 2018 жылдың наурыз айын­да «Біржан – Сара» опера­­сын жаңа қалыппен көр­сет­кіміз келеді. Сахна және көр­кемдік тұрғыдан операға өзгерістер енгізіледі, – дейді театр директоры.
Ал «Астана Опера» театры директорының бірінші орынбасары Төлеубек Әлпиев «Біржан –  Сара» опе­расын неліктен жаңар­тылғалы жатқанын тілге тиек етті.
– Заман да, технология да өзгерді. Мысалы, бір ғана Абай театрында «Біржан Сара» осы уақытқа дейін 70-80 рет қойылған болар. Бұл операға басқа көзбен қарап, жаңа редакциямен шығарайын деп жатырмыз. «Біржан Сара» кеңес замамында жазылған опера екенін білесіздер. Ол кездегі идеология бойынша молдаларды мазақтап көрсет­кені белгілі. Ал қазір операны жаңа редакциямен, жаңа көзқараспен көрсетуді көздеп отырмыз, –  дейді Төлеубек Әлпиев.

Әлбина ТУЛАҚОВА

Жауап қалдыру