«Астана миюзиклі» ашылады

0
83

«Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру мақсатындағы атқа­ры­латын жұмыстар аясында Ас­тана қаласында «Астана миюзикл» театрын ашу жоспарланып отыр.
Қазіргі кезде әлем бойынша мюзикл жанрындағы өнер туын­дыларына көрермендер та­ра­пынан сұраныс жоғары екені белгілі. Осы орайда өнер сах­насындағы музыкалық комедия мен драмалық трагедиялы қойы­лымдардың жиынтық образ­дарын орталықтандыратын ар­­найы отандық «Астана миюзикл» театрын ашу көзделген.
«Өнер атаулының өрісін ке­ңейтіп, көрермендердің ықы­ласына бөленуде миюзикл жанрын дамытудың маңызы жоғары әрі мәнісі ерекше. Сондықтан да біз жақын болашақта аталған өнер саласын дамыта отырып, үлкен жобаларды жүзеге асыруды жоспарымызға енгізгенбіз,  –  дейді еліміздің мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Жауап қалдыру