Қару-жарақтарды технологиялық тұрғыда жетілдіру маңызды

0
65

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 7 тамыз күні Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізді.
Мемлекет басшыс­ы гео­саяси ахуалдың өз­ге­руі және жаңа сын-қатер­лердің пайда болуы жағдайында Қорғаныс министрлігінің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі қару-жарақтарды тех­но­логиялық тұрғыдан же­тілдіру және жаңғырту болып саналатынын айтты.
– Сондықтан, Қорғаныс министрі лауазымына азаматтық тұлғаны, яғ­ни, қауіпсіздік жөніндегі көмек­шім – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлын тағайындауға шешім қа­был­­дадым. Сонымен бірге, Н.Ермекбаев кадр­лық офицер, әскери қыз­метте тәжірибесі бар, соның ішінде шиеленіс аймақтарында болған. Ол халықаралық мәселелер жөніндегі көмекші, Қы­тайда және Оңтүстік Шығыс Азияның бірқатар елін­де елші, министр және екі рет Қауіпсіздік Кеңе­сінің хатшысы қыз­мет­­терін атқарды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы за­манауи талаптарды ес­кере отырып, әскери кадрлардың дайындығын жетілдіру қажеттігіне назар аударды.
– Генерал-полковник Сәкен Әділханұлы Жас­ұзақ­овқа қалтқысыз қыз­мет еткені үшін ризашы­лық білдіремін және оған Ұлттық қорғаныс университетін басқаруды тапсырамын. Университет алдында Қарулы Күштердің басқару құрамының біліктілігін арттыру және әскери ғылымды дамыту жөніндегі маңызды міндеттер тұр. Университет еліміздің ғана емес, сондай-ақ көршілес елдердің де курсанттары оқитын негізгі ғылым, білім орталығына айналуы тиіс, – деді Қазақстан Президенті.

Жауап қалдыру