Қарағандыда екі жаңа зауыт салынады

0
76

Шетелдік серіктестер Қарағандыда екі зауыт салуды жоспарлап отыр. 2018 жылдың соңына қарай Қытай инвесторлары Қара­ғандыда «Forever Fourshing Co. Ltd» ЖШС компаниясымен бір­лесе отырып металл балқыту зауытын іске қосады. Инвестиция көлемі 7,4 млрд теңге.
Жылына 300 мың тонна өнім дайындауды жоспарлап отырған за­уыт, шығарған өнімінің 80 пайызын Иран, ҚХР және Ресейге экспортқа шығармақ. Кәбіл өнім­дерін дайындайтын екін­ші зауыт 2021 жылға жоспарланған, 2024 жылы ол өзінің толық жобалық қуатына енгізілмек. «ХУА ТУН (ОРТАЛЫҚ АЗИЯ) КАБЕЛЬ» ЖШС инвесторлары үшін бұл жобаның құны 13,6 млрд теңгеге түседі. «Кәбіл өнімдерін Қазақстан шетелден, басым бөлігін Ресейден алып отыр», – дейді «Forever Fourshing Co. Ltd.» компаниясы директорының орын­баса­ры Асқар Оразбеков. Айта кетер­лігі, екі зауыт та шетелдік инвестор­лардың қаржысына салы­­нады.

Асан ШАҢБАЙ

Жауап қалдыру