«Амал» мейрамы тойланды

0
75

Наурыздың 13-14-і ара­лығында Маңғыстау облысы «Отпан тау»  тарихи-мәдени кешенінің аумағында Амал мейрамын мерекелеуге арнал­ған іс-шаралар ұйымдас­ты­рылды.

Маңғыстау тұрғындары ежелден Наурыз айының бас­та­луын ерекше атап өтіп, оны  «Амал-мейрамы» ретінде ме­рекелеуді дәстүрге айнал­дыр­ған. «Амал-мейрамының» дәс­түрлі нышаны «көрісу» болып есептеледі, яғни кішілер үл­кендерге ізет танытып, қол алысқан, жаңа жыл жағымды жаңалықтармен айшықталсын деген ниетпен ақсақалдардан бата алған.

13-наурыз күні Қаратаудың ең биік шыңы саналатын Отпан тауда 6 ақшаңқан киіз үй тігіліп, дәстүрлі салт бойынша  «тағзым оты» жағылды. 14-наурызда Отпан тау шыңында Әнұран шырқалып, Қазақстан Республикасының көк байрағы көтерілді, «Амал мейрамы» салтанатты түрде тойлана бастады.

Мерекелік шара барысын­да барлық қатысушылар «Жа­сыл ел» бағдарламасы ая­сын­да ағаш отырғызу ісіне ат­салысып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты.

Мерекелік жиынға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, халық жазушысы Әбіш Келкілбаев қатысты.

Шығыс Қазақстан  облысы

«Наурыз аруы – 2011» байқауы өтті

Шығыс Қазақстан облы­сының Қатонқарағай ауданын­да ел Тәуелсіздігінің 20 жыл­дығына арналған «Наурыз аруы – 2011» байқауы өтті.

Байқауға 6 ауылдық ок­ругтен 6 ару қатысты. Көркіне ақылы сай бойжеткендер бір­неше шарттар бойынша са­йыс­қа түсті. Олардың арасында өз-өзін таныстыру, ән, би және басқа да шығармашылық талабын паш ету, ұлттық киім үлгісін, қолөнер және аспаздық шеберлігін көрсету сайыстары болды.

Тартысты өткен байқаудың нәтижесінде, қазылардың бір­ауыздан қабылдаған шешімі­мен 2011 жылдың Наурыз аруы – Белқарағай ауылының бойжеткені Мейрамгүл Сове­това атанды. Екінші орынды – Аққайнар ауылының аруы Арай Сапарғалиева, үшін­ші орынды – Үлкен Нарын ауылының намысын қорға­ған Шынар Омарбекова иелен­ді. Жеңімпаздар мақтау қа­ғаз­дарымен және ақшалай сый­лық­тармен марапатталды.Қал­­ған қатысушыларға «Кө­­­рер­­мендер көзайымы», «Бал­бар­мақ», «Сәнді ару» ата­лым­да­ры берілді.

Жауап қалдыру