Алып шаһар дамуы талқыланды

0
48

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Тәуелсіздік күні қарсанында «Ал­маты қаласын дамыту бағдар­ла­масы – 2020» жобасы бо­йынша жұмыс тобының қо­ры­­тынды отырысын өт­кізді.
Мәжіліс барысында Алма­тыны дамыту Орталығы бас­қар­масы төрағасының мін­детін атқарушы Жанна Төле­генова соңғы 3,5 ай ішінде қала азаматтарымен 500-ден ас­там кездесулер өткізіліп, Бағ­дар­лама жобасының тал­қы­ланғанын айтты.
Кездесу барысында әр түр­лі әлеуметтік топ өкіл­де­рі­нің пікірі тыңдалды. « almaty2020@a-a.kz» деп ата­ла­тын арнайы электронды пош­та құрылды. Оған 478 ұсы­ныс пен пікірлер келіп түс­ті.
«4-желтоқсаннан бастап, 90 тақырыптық кездесулер өт­кі­зіліп, оларға 12 мың адам қатысты. Ал жалпы, Бағдар­­лама жобасын талқы­лауға жа­нама түрде 400 мыңнан астам адам жұмыл­дырылды.
900 пікір мен түсініктемелер қабылданды. Олардың бар­лығы мұқият талқыланды. Со­ны­мен қатар, 400-ден астам ұсыныс келіп түсті. Олар Бағдар­ламаның басымды ба­ғыт­тарына енгізілген толық­ты­рулардың 80 пайызын құ­рады. Ал ұсынылған идея­лар­дың 28 пайызы Бағдар­ламаға енгізілді», – деді ол.
Сонымен қатар, Ж. Төле­ге­нованың айтуынша, ұсы­нылған ұсыныстар мен өтінім­дерде негізінен жол мен қоғам­дық көліктің сапасы (184 өтініш), қоршаған ортаны қорғау (92), сенімді инфра­құрылым және тұрғын үй коммуналдық шаруа­шы­лығы (43), қоғамдық қауіпсіздік (23), сапалы білімге, денсаулық сақ­тауға, әлеуметтік қызмет­терге қол жеткізілім (41), мәде­ниет және спорт нысан­да­рына қол жеткізілім (29) мәселелері кө­терілген.
Өз сөзінде қала әкімі «бұл сандардың арғы жағын­да қа­жыр­лы еңбектің жатқан­ды­ғын» жеткізді.
«Қаланы дамыту орталығы және әкімдіктің мамандары келіп түскен ақпараттарды бір айдың ішінде өңдеп, са­раптап, түсіндіру үшін таңғы сағат 5-6-ға дейін жұмыс істеді. Мен аптасына 5-6 кездесу өткізіп жүрдім. Көп жұмыс атқарылды. Бұл – бұқа­ралық құжат. Онымен әкімнің орынбасарлары, аудан әкімдері, басқарма басшылары мұқият танысып шықты.
Біз қаланы дамыту орталы­ғын өзгертеміз, оның орнына өз алдына бөлек аудит қызметі құрылады.

Жауап қалдыру