Альварес жеңсе, GGG-ге реванш бермейді

0
146

Мексикалық боксшы Сауль Альварес (49-1-1, 34 КО) қазақ­стандық Геннадий Голов­кинді (37-0, 33 КО) жеңетін болса, оған реванш бермейді.
Екі боксшының арасындағы ке­лісімшартқа сәйкес, Аль­ва­рес ұтылса, реванш талап ете алады. Ал Геннадий Голов­кинге ондай мүмкіндік беріл­мейді. Бұл дегеніміз, қазақстандық бок­с­шы жеңіліп қал­са, реваншты талап ете алмайды деген сөз.
«Негізі, «Канелоның» сөзіне қарағанда Головкинге қарсы екінші жекпе-жек болмайды. 16 қыркүйекте ол Головкинді жеңіп, артқа қарамай, кете беруді көздейді. Альварес өзінің спорттық мансабын өсіріп, орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерспен кездесуі әбден мүмкін, я болмаса, Golden Boy-дың тағы бір боксшысы Давид Лемьеге қарсы шығады. Аталған жекпе-жектер де НВО PPV-де жақсы сатылады», – дейді Boxingnewsresults.com журналисі Мануэль Перес.

Жауап қалдыру