«Алтын Тобылғы» әдебиет байқауы

0
94

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры биыл үшінші рет ұйымдастырылған дәс­түрлі «Алтын Тобылғы» әде­биет байқауына өтінім­дерді қабылдау жүріп жат­қан­дығын хабарлады.
Байқаудың негізгі мақсаты – ұлттық әдебиетте жаңа есім­дерді қалыптастыру жә­не жас қаламгерлердің өмір­­­лік философиясын көр­се­­тетін қазіргі заманғы әдебиет­ке қоғамның қызығу­шылы­ғын арт­тыру болып табы­лады. Сы­йақының жалпы қоры – 5,5 миллион теңге. Бай­қауға еліміздің 18-35 жас аралы­ғындағы жас дарындар қаты­са алады және бұдан бұрын еш жерде жарияланбаған туын­ды­лар ғана қабылданады.

Жауап қалдыру